Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада су бетінде қимылсыз жатқан әйел құтқарылды

Қызылордада су бетінде қимылсыз жатқан әйел құтқарылды

Қызылорда қаласында құтқарушылар дария бетінде денесі қимылсыз жатқан әйелдің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға жергілікті уақытпен 15.00 шамасында дарияның сол жағалау аумағында тіркелген. Бұл уақытта төтенше жағдайлар саласының мамандары аталған аумақта азаматтарға судағы қауіпсіздік шаралары тақырыбында түсіндірме жұмыстарын атқарып жүрген болатын. Мамандар дария үстінен сол жағалауға өтетін көпірдің арғы бөлігінде су бетінде белгісіз әйелдің қимылсыз жатқанын байқап қалады. «Мамандар оны құтқаруға ұмтылды. Осындай жедел әрекеттің нәтижесінде дария бетінде қалқып жүрген әйел жағаға шығарылды. Оны құтқаруға облыстық төтенше жағдайлар департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының аға инженері Бексұлтан Бижігіт, волонтер Ақбаян Бүркітбай мен сол аумақта балық аулап жүрген қала тұрғыны Дастан Қадыров көмектесті. Әйел су жұтқаны, спирттік ішімдік ішкені белгілі болды», - дейді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері. Сондай-ақ, Қызылорда облысында суға батып кеткен 13 жастағы қыз іздестіріліп жатыр.

20 шілде 2020 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 213 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам