Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада тұрмысы төмен отбасыларына көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғы орнатылады

Қызылордада тұрмысы төмен отбасыларына көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғы орнатылады


Қызылордада жылу беру маусымы алдында көпбалалы және аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен 2 592 отбасының үйіне көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылады. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайдың алдын алу, қайғылы жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.
«Өткен жылы жылу беру маусымында облыс бойынша 201 өрт тіркелді. Төтенше жағдайдың басым бөлігі тұрғын үй секторынан шықты.Осыған орай үстіміздегі жылдың 15 тамызынан бастап департамент қызметкерлері жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында халық арасында тұрмыстағы электр және жылыту қондырғыларын, жылыту пештерін қолдану, мұржаларын тазарту жөнінде үнпарақтар таратып, үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Адам өмірін оттан сақтау, бақытсыздық жағдайды болдырмау басты мақсат. Сол үшін де департамент тарапынан тиісті шаралар жалғасын табады»,-деді Саид Шазындаұлы.
27 тамыз 2020 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам