Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тағзым алаңы жаңғыртылуда

Тағзым алаңы жаңғыртылуда

Шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы бірқатар нысандарды аралады.
Аралау барысында шаһар басшысы «Тағзым алаңы» аумағын қайта жаңғырту мен абаттандыру жұмыстарының жүргізілу барысын көрді.
Бұл жұмыстарға «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржы қаралған. Бүгінде республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға жеңісті жақындатқан батырлады еске алуға арналған ескерткіш тақталары жаңартылды. Ерлігі елге дастан майдангерлер есімі «архитас брендінің» тақтайшаларына жазылады. Тақтайшаларды бекіту үшін стеклокомпозит материалынан 16 тұғыр салынған. Заманауи материалдың суға, ызаға, күнге қарсы төзіміділігі жоғары.
Қазіргі уақытта жоспарға сай алаңның 5780 шаршы метр аумағына түрлі-түсті, 530 шаршы метр жеріне сұр брусчаткалар төселіп, бордюрлар қойылған. Сонымен бірге қоқыс жәшігінің саны артып, демалушылар үшін 30 дана орындықтар орнатылады және нысан 300 метр темір қоршаумен қоршалатын болады.
Жаңғырту жұмыстарына жауапты «Асанас-Дар» ЖШС түнгі жарықтандыру шамдарын жаңалап, 10 450 шаршы метр көгалдандыру жұмыстарын өз қаржысы есебінен жүргізіп, демеушілік білдіруде.
Алаңды қайта жаңғырту қыркүйек айының ортысында толығымен аяқталатын болады.
28 тамыз 2020 ж. 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 530 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам