Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Дәрігер де дәрменсіз

Дәрігер де дәрменсіз


Иә, жұмыс жалғасуда. Еш тоқтаусыз. Індет өршіп тұрса да, өмір үшін арпалыс тоқтаған жоқ. Әлемді шарпыған індет елге өз әлегін жасап жатты. Керісінше, аурудың үстіне ауру қосып, жағдайды ауырлатты. Онсызда қиын кезеңді қиындатып, жұмысты ауырлата түсті. Өзіміз дәрігер болсақ та, бұл індет бізді де айналып өтпеді. Ауруханадағы әріптестерімізді мәңгілік сапарға аттандырдық. Бірі бауырынан, бірі анасынан, бірі әкесінен айрылды. Өте қиын жағдайға тап болдық.
Арамызда ауырып шыққандар қаншама.  Бірі жеңіл, бірі ауыр өткізді. Бірі жұмыста жүріп, бірі оқшауланып ем алды. Бірі ауруханаға түссе, енді бірі жан сақтау бөлімінен шықты. Халықпен тікелей қатынаста жүргесін, бұл індет маған да келіп жетті. Кезекті ақаумен туылған науқасқа ота жасау барысында, медбикелер маңдайымның тер аға бастағаның байқап, «Доктор, сіз терлей бермейтін едіңіз ғой» деп қояды. Сөйтіп бірнеше рет маңдайымнан терді сүртіп алды.
 Ештенеге мән бермей, отаны жалғастыра бердім. Сол күні бұлшық етімнің сәл ауырғанын сезіндім. Бірақ көңіл күйім сергек.
Ертеңіне жұмысқа келгенімде дене қызуым жоғарылады. Сол кезде түсіндім, мен де ауыра бастағанымды. Өзімді оқшаулауға шешім қабылдап, жұмыстан ертерек шықтым. Аурудың өршіп тұрған кезі, бірнеше дәріхана аралап, тапқан дәрілерімді алып үйге келдім. Үйге жеткенше әлсіздік күшейді, дәм және иіс сезу жойылды. Жаспын ғой, иммунитетім алып шығады деген сенімім алғашқы күні-ақ жойылды. Алдамшы нәрсе екен.  Күні-түні жұмыста жүріп, ұйқы режимі бұзылып, иммунитетімді төмендетіп алыппын. Алғашқы тәулікте кіші дәрет жүрмей, дене қызуым түспей, дем алысым қиындап, ентігу пайда болды. Әлсіздіктен ауық-ауық ұйықтап кете бердім. Күндеп емес, жағдайым сағат сайын нашарлай бастады. Оның үстіне үрей орын алып, өмірмен ойша қоштаса да бастадым. Ертесіне түстен кейін кіші дәрет жүріп, қатты су ішкім келді. Сол уақыттан бастап үміт оты қайта жанды. Үш тәулік арпалысып, ақыры дертті жеңдім. Бір апта дегенде жұмысқа қайта қосылдым. Алғашқы аптада әлсіздік сақталды.  Бірақ жұмысқа шығуым керек. Өйткені Гиппократ антын қабылдаған дәрігер күреспесе дертпен кім күреседі?  
Бұл науқасты әріптестерімнің біразы басынан өткерді.  Осындай қиын-қыстау кезеңде өз жаны қиналып жатса да, өзгенің өмірін ажалдан арашалау үшін жұмысқа шыққан әріптестеріме дән ризамын.  Олар ақ халатын кірлетпеген абзал жандар.

Болат МАХАНБЕТИЯРОВ,
облыстық балалар ауруханасының хирург-дәрігері
23 тамыз 2020 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам