ҮШ ТІЛ – ҮШ ТҰҒЫРЫМЫЗ
Тасбөгет кентіндегі «Күнекей» балабақшасында «Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл» тақырыбында семинар өтті. Оны қалалық білім бөлімі ұйымдастырды.
Семинарға қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов қатысты. Сондай-ақ, қаладағы өзге де балабақша атынан келген үш тілде жетік тәрбиешілер де өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Семинарға қатысушылар «Күнекей» балабақшасындағы бүгінгі күн талабына сай жабдықталған «Ағылшын тілі», «Орыс тілі» және «Тілдерді меңгеру» бөлімдерінің тәжірибесімен танысты.
Шара барысында қаланың 200 жылдығына арналған «Менің сүйікті қалам – Қызылорда», «Ойыншықтар» және «Бектер мен Бекзадалар», «Ұлттық бұйымдар» және «Тілдерді меңгеру» үйірме жұмысы ел назарында ұсынылды.
Семинар барысында өрендер шетел азаматы Д.Маиклмен жүздесті. Келген қонаққа сұрақтар қойып, ағылшын тілінде еркін сөйлесті. Бүлдіршіндер шетелдік қонаққа еліміздің ұлттық ойынының бірі – асықты сыйға тартты. Балақайлар екі топқа бөлініп, қыздарға «Арулар», ұл балаларға «Батырлар» деген атау берілді. ұлдарға сақ елінің батыры «Алтын адамның» бас киімін, қару-жарағын, ал қыздар алқа, қамзол, бас киімді безендірді. Семинар ана тілімен қатар өзге де тілдерді меңгеруге қабілетті тұлға қалыптастыру мақсатын көздеді.
Назерке СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ.