ДАРЫНДЫ ҰРПАҚ ЕЛ БОЛАШАҒЫ
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мектеп оқушылары арасынан халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлерімен кездесу өткізді.
Жас өрендермен кездесу барысында қала әкімі оқушылар мен ұстаздарды арнайы марапаттады.
Үстіміздегі жылы қаламыздың дарынды оқушылары елімізде, Ресей мемлекетінде және Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға, республикалық пәндік олимпиадаға қатысып 21 оқушы жүлделі орындарды иеленген. Оның ішінде республикалық пәндік олимпиадада бақ сынаған жүздеген қатысушының ішінен 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль Қызылордалықтардың еншісіне бұйырған. №3 мектеп-лицейдің оқушылары 2 алтын, 3 қола медаль, №2 «Мұрагер» мектебінен 1 күміс медаль, №4, 5 мектеп оқушылары 2 қола медаль иеленген.
Сонымен қатар, салтанатты қабылдау барысында 40 жылға жуық білім саласында қызмет жасап, оның 27 жылында қаламыздағы бірнеше білім ошақтарында басшылық қызметте болған, «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері және «Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі» атағын иемденген Алтынсары Шүренов Әлекеұлы қала әкімінің «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» марапатталды.
Алтынсары Әлекеұлы ұрпақ тәрбиесімен қатар, қоғамның дамуына ерекше үлес қосып, 2 мәрте қалалық маслихат депутатығына сайланған.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.