ЖАҢА БАЛАБАҚША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгінгі күні балабақшалардың 66,7% мемлекеттік және 33% жекешелік негізде жұмыс жасайды. Соңғы үш жылдың өзінде Қармақшы ауданында 5 мемлекеттік балабақша салынды. Соңғы екі жылда Төребай би ауылдық округінде осы балабақшадан бөлек мемлекеттік бюджет есебінен біршама жұмыстар атқарылды. 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде бюджеттен қаржы бөлініп, ауылдық округтегі ауыз су мәселесі шешімін тапты. Осы уақытқа дейін ауылдық округтің аудан және облыс орталықтарына қатынасты қиындатып келген ауылға кіреберіс жолға биыл күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.