Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨРТ ОҚИҒАСЫНЫҢ САНЫ АЗАЙДЫ

ӨРТ ОҚИҒАСЫНЫҢ САНЫ АЗАЙДЫ

        Облыс бойынша биыл 223 өрт оқиғасы тіркелген. Өткен жылы дәл осы кезеңде 269 өрт орын алған. Тілсіз жаудан келген залал өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға азайған.
– Өрт оқиғалары бойынша 63 адамға әкімшілік шара қаралған. Тілсіз жаудың алдын-алу үшін бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселен, 28 129 тұрғын сектордың 129 506 тұрғынына өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында үгіт-насихат жүргізілді. Сондай-ақ, 2 049 тұрғынның қатысуымен 173 рет жиын, жеке кәсіпкерлік субьектілері өкілдерінің қатысуымен 10 дөңгелек үстел өткізілді, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев.
         Өрт салдарынан  5 адам қаза болса, жарақат алғандар саны – 4 адам. Облыс бойынша жыл басынан 154 жеке тұрғын жайда және 53 автокөлікте осындай деректер тіркелген. Төтенше жағдайлар саласының мамандары үй жайды қараусыз қалдырмау, көліктерді уақытылы техникалық тексерістен өткізіп тұру қажеттігін баса айтты.
         Өрт қауіпсіздігінің кепілі – адамның өзі. Қарапайым ұқыптылық пен тұрғындардың тұрмыстық мәдениеті тосыннан болатын көптеген өрттен аман сақтайды. Осыны есте сақтаған дұрыс.


Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
24 шілде 2018 ж. 1 011 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам