Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТЫНДЫРЫМДЫ ТОҚЫМАШЫ

ТЫНДЫРЫМДЫ ТОҚЫМАШЫ

  Бала күнімде анамның қолы қалт етсе, тоқыма жіптерін алып, пештің жанына отыра қалатын. Содан қалпақ, жемпір тоқып шығатын. Сәби кезде сол киімді киіп өстік. Бір жағынан өте жылы, екінші жағынан анамның қолынан шыққан дүниенің бәрі қымбат.
Көбі тоқыманы әжесінен, анасынан көріп үйренеді. Ал, біздің кейіпкеріміз Шиелі ауданының тұрғыны Гүлмира Әлиева бұл кәсіпті өздігінен үйреніпті. Яғни, бала кезден қолөнерге жақын болған.
– Тоқу, тігуге өзімнің қызығушылығым басым болды. Кейіннен отбасылы болып, үйде баламен отырған сәтте тоқыма тоқуды үйрене бастадым. Қазір –  ақпараттық технологияның жан-жақты дамыған заманы. Ғаламтор арқылы көп нәрсе үйрендім. Шынын айтқанда, өзімді тоқымаға 5 жыл дайындадым. Егер адамда қызығушылық басым болса, көздеген ісін соңына дейін жеткізуге болады екен, –  деді Гүлмира.  
Бүгінде кәсіпкерлікті дамытамын деген адамға түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Міне, соның игілігін көрген Гүлмира да көп ұзамай шағын кәсібін ашуға мүмкіндік алды.
– Биыл –  мен үшін жетістікке толы жыл. Себебі, тоқыма өнерін қолға алғаннан бері әртүрлі үйірмеге қатыстым. «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінде біз жасаған тоқыма бұйымдарымыз жақсы бағаланды. Соған орай облыс әкімінің алғыс хатына ие болдық.
Екіншіден, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша мемлекеттік грантқа қатысып, тоқыма үшін қайтарымсыз 800 мың теңгеге қол жеткіздім. Осы бағдарламаға қатысуға бірден-бір себепші және толықтай сүйемелдеуші болған облыстың кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалы болып табылады. Маған бизнес жоспар жасап, білімін жетілдіріп, қажетті құжаттарды жинауға көмектесті, – деді жас кәсіпкер.
Қазір Гүлмираның бастамасымен аудан орталығынан «Бізбике» атты ательесі есігін айқара ашты. Әзірге 3-4 адам халыққа қызмет көрсетуде. Ателье қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
– Арнайы 4 машина алдық. Сол арқылы келген тапсырысты жүзеге асырудамыз. Жалпы, күн суытқан сайын халықтан сұраныс артуда. Осы күндері бас киім, шалғы, қолғап, жемпір тоқудамыз. Ал, алдағы уақытта ұлттық оюы бар тоқыма көйлектерді қолға алғымыз келіп отыр. Осылайша отандық өнімді дамытуға өз үлесімізді қосуды көздейміз, – деген ойын жеткізді.
Сондай-ақ, ол тоқыманың күлкі терапиясы сияқты адам денсаулығына пайдалы екенін атап өтті. Күнделікті күйбең тірлік салдарынан адам бойын әлсіздік, көңілсіздік, күйзеліс билейді. Соның салдарынан түрлі жүйке жүйесі, жүрек қан тамырлары секілді аурулар туындауы мүмкін. Ал, тоқу жүйке жүйесі мен ми жұмысын жақсартады екен. Артық ойлардан арылтып, көңіл көтереді. Сонымен қатар, ол – шығармашылық жұмыс. Адам баласы шығармашылықпен айналысқан кезде ол бар назарын ісіне аударып, көңілі жәй тауып, жаны тынышталады. Оған қоса кәсіпкер өз кеңесімен де бөлісті.
– Тоқыма тоқу үшін бізбен жіпті дұрыстап таңдап алған жөн. Тоқуды бастаған кезде бар ойды жасап жатқан іс-әрекетке бөлу керек. Яғни, тоқып жатқан дүниенің қандай болатынын көз алдыңызға елестетіңіз. Сондай-ақ, тоқыманың кезінде ашулануға болмайды. Егер шыдамсыздық танытсаңыз, 10-15 минут үзіліс жасап, іске қайта кірісу қажет. Күнделікті кешке осыған 30-40 минут бөлсеңіз, оның қалай сүйікті ісіңіздің біріне айналғанын сезбей қаласыз. Тек бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмаған абзал, – деді Гүлмира.
Ол болашақта тоқыма әлемін жандандырып, ателье ауқымын кеңейтіп, жұмыспен қамтамасыз ететін адамдар санын көбейтуді жоспарлап отыр.
                                                                     Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
05 қараша 2018 ж. 2 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам