Қызылордада термешілердің концерті өтті

Концертте Шолпан Бимбетова, Ақмарал Ноғайбаева, Майра Сәрсенбаева, Руслан Ахметов, Күнсұлу Түрікпен, Әділхан Қуанбаев, Марат Сүгірбай, Бисенбек Төлеубаев секілді жыршы-термешілер өнер көрсетті. Кеште «Жыр бастау», «Жолаушы мен дана», «Қамын ойла халықтың», «Шөлмек», «Төрт дос», «Бір шалдың хикаясы», «Өмір өткелдері», «Жас ағаш», «Өсиет» секілді мысал-термелер орындалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат