
ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРДІ ҰЛЫҚТАЙ БІЛСЕК
Соңғы уақытта жастар тымақты сәнге айналдырды. Қазақтың кәдімгі ұлттық баскиімі оларға жарасып-ақ тұр. Сәндеп тіксең, әрбір киім көздің жауын аларлықтай болады екен. Бір кездері бұл дүниелерге мұрын шүйіріп те келдік. Оны архаизмге жібергендей күй кешкеніміз де рас. «Ол бүгінгі күнге ешбір сәйкес келмейді»...