ЫҚЫЛАСЫ ҮЛКЕННІҢ БАТАСЫНДА...
Студент кезімде редакция тапсырмасымен Сырдария ауданы Шіркейлі ауылына барған едім. Ауылды аралап, керекті мәліметті алған соң, сол жақтағы абыз ақсақалдың бірі – Сәлімжан Бихожаевтың шаңырағына барып, сәлем бердім. Сонда көпті көрген данагөй қария көрсеткен ізетіме риза болып, мамандығыма орай ақ батасын...












