
Тұтқынның тағдыры
Нью-Иорк әуежайы. Төр жақтағы орындықта қазақтың қара шалы отыр. Азия жақтан оралған әрбір ұшақтың жолаушыларын көзбен сүзіп, жан-жағына жалтақтап қояды. Біреуді күткен кісіге ұқсайды. Әуежай қызметкерлеріне жақсы таныс адамның күнделікті күйбеңі осы. Таңертеңнен кешке дейін тапжылмай осылай отырады да...